Біз жетекші әлемдік брендтерден сапа мен қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарына жауап беретін инновациялық жабдықтардың кең ассортиментін ұсынамыз.
SIEM (Security Information and Event Management) система
Бұл РЦИБ жұмысында қолданылатын бақылау жүйесі. Ол ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады.
Бұл ақпараттық қауіпсіздік инженерлеріне оқыс оқиғаларға талдау жасауға, қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға және оларды жою бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.
Ақауларды жою
Әртүрлі ауытқулар анықталған және ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына, қағидаларына және саясаттарына сәйкес келмеген жағдайда инцидентті тіркеу жүргізіледі.
Қатерлерді анықтау
Мониторинг жүйесі IT инфрақұрылымының түрлі объектілерінен оқиғаларды қабылдауды орындайды, нормаландырады және оларды үйлестіреді. Бұдан әрі оқиғаларға талдау жүргізіледі.
QRadar SIEM қауіп-қатерлерді анықтау және оларға ден қою шеңберінен шығып, қауіпсіздік командаларына озық жасанды интеллект, күшті қауіп-қатерлерді талдау және жаңа контентке қол жеткізу арқылы қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге белсенді түрде қарсы тұруға мүмкіндік береді.
QRadar SIEM артықшылықтары:
Жасанды интеллектті пайдалана отырып, оқиғаларды тиімді өңдеу;
IBM X-Force Threat Intelligence, желілік талдау және пайдаланушылардың мінез-құлқын талдау арқылы қауіптерді тез анықтау және оларға ден қою;
Қауіптерді анықтаудың қолданыстағы құралдарымен жеңіл интеграция.
RuSIEM
RuSIEM мониторинг жүйесін пайдалану әртүрлі дереккөздерден алынған деректерді мұқият талдау және салыстыру арқылы желі мен ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы жан-жақты түсінік алуға мүмкіндік береді.
RuSIEM артықшылықтары:
Бір желіге 9000 оқиғаға жететін жоғары өнімділік;
Оқиғалар, дереккөздер саны және мұрағат қоймасының көлемі бойынша шектеулер жоқ;
Бастапқы «шикі» логтарды сақтау мүмкіндігі;
Корреляция ережелерін редакциялау мүмкіндігі іске асырылды;
Тік және көлденең масштабталу;
Жүктемені бірнеше серверлерге немесе виртуалды машиналарға бөлу;
Тез өрістету, кастомизациялау және сіздің қажеттіліктеріңізге бейімдеу;
Оңай пайдаланылатын ыңғайлы интерфейс;
Орыс тілін қолдау.
Splunk
SIEM жүйесі Splunk Enterprise Security көмекші жасанды интеллект көмегімен әртүрлі көздерден және әртүрлі масштабтағы деректерді кедергісіз қабылдау, қалыпқа келтіру және талдау есебінен бірегей және толық көрінуді қамтамасыз етеді.
Splunk Enterprise Security SIEM жүйесінің артықшылықтары:
Қатерлер негізінде хабарландыруды (RBA) пайдалана отырып, ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін дәл анықтаудың кеңейтілген мүмкіндігі, бұл жалған оң хабарландыру көлемін 90% -ға дейін түбегейлі қысқартады және өзекті қауіптерге назар аударуға мүмкіндік береді;
Онымен байланысты барлық тәуекелдер мен қауіп объектілерін салыстыру арқылы инциденттің ауқымын бағалау үшін қауіп топологиясын жүргізеді;
Splunk User Behavior Analytics (UBA) және SOAR шешімдерімен интеграциялану талдау сапасын арттырады, ақпараттық қауіпсіздікті күшейтеді және тергеу және қауіп-қатерлерге ден қою процесін оңтайландырады.